03 ақпан 2017 20:24

Назарбаев Тасмағамбетовты елші етіп тағайындауының себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев Тасмағамбетовты Қазақстанның Ресейдегі елшісі етіп тағайындауының себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Осыған дейін Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалған еді.


Назарбаев Тасмағамбетовты Қазақстанның Ресейдегі елшісі етіп тағайындауының себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. Осыған дейін Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі елшісі болып тағайындалған еді.

"(...) Бірқатар кадрлық ауыс-түйістер болды. (...) Марат Тәжин Президент Әкімшілігіне ауысты. Осыған байланысты мен Иманғали Тасмағамбетовты Қазақстанның Мәскеудегі елшісі етіп тағайындадым, ол менімен бірге көп жыл бойый қызмет етті, сонымен қатар, бұл шешімге оның Мәскеуде осындай позицияда жұмыс істеп көруге деген өз қалауы себеп болды. Меніңше, бұл жақсы шешім, себебі Мәскеу - біздің негізгі серіктес, жақын көрші әрі одақтасымыз, ол жақта сөзі өтімді, Қазақстандағы және Ресейдегі жағдайды білетін адам керек. Мұның барлығы еліміздің игілігі үшін жасалып отыр деп ойлаймын", - деді Президент мәлімдемесінде.

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша мәлімдемесінде И.Тасмағамбетовты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі етіп тағайындау туралы шешімін жариялады.

Иманғали Тасмағамбетов ҚР Президентінің көмекшісі, ҚР премьер-министрінің орынбасары, мәдениет және білім министрі қызметтерінде болды. 1999 жылдан бастап Атырау облысының әкімі болды. 2002 жылдан бастап ҚР премьер -министрі болды. Ал 2004 жылы ҚР Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалса, 2004 жылдың желтоқсан айынан бастап 2008 жылдың сәуір айына дейін Алматы қаласының әкімі болды. 2008 жылдың сәуір айынан 2014 жылдың қазан айына дейін Астана қаласының әкімі қызметін атқарды. 

2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі қызметінде болды. Ал өткен жылдың қыркүйегінде ол ҚР премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалған еді.

Айта кетейік, Иманғали Тасмағамбетов биыл желтоқсан айында 60 жасқа толады. Оның үш баласы бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети