19 қыркүйек 2014 12:30

Назарбаев тастанды балалар мен қариялардың жайына алаңдаушылық білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©24.kz ©24.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балалар мен қарттар үйлері тәрбиеленушілері қатарының өсіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев балалар мен қарттар үйлері тәрбиеленушілері қатарының өсіп бара жатқанына алаңдаушылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жыл сайын елімізде 1500 бала жетім қалады, олардың көбінің ата-анасы тірі әрі сау болып жатады. Қазір Қазақстанда 34 мыңға жуық жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған бала бар. 194 мыңға жуық баланың дамуы шектелген, біздің қолдауымызға зәру. 7000-нан астам адам қарттар үйінде тқрып жатыр, олардың көбінің денсаулығы жақсы, табысты балалары бар. Қарияларды орналастыру үшін балаларының қарттар үйіне ақша беруі әдетке айналды", - деді Мемлекет басшысы "Мерейлі Отбасы" ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатында. 

Назарбаев өз баласы мен ата-анасынан бас тартуды ұят қылық деп бағалау керектігін атап өтті. "Қазақта ешқашан мұндай болмаған. Балалары мен ата-анасынан бас тарту біздің дәстүрімізге жат", - деді ол.

"Қарттар үйлеріне барған кезде түрлі адамдарды көремін. Ең қызығы - бұл қарттарды баспанамен, тамақпен, медициналық қызметпен және ойын-сауықпен қамтамасыз ете отырып, мемлекет оларға зейнетақы да береді. Ол зейнетақыны аларда қариялардың балалар мен немерелері пайда бола кетеді. Міне, біз осыған да жеттік!" - деп наразылық білдірді Назарбаев.

"2015-2020 жылдарға Қазақстан Республикасында отбасылық қатынастарды, моральдық-этикалық, рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын жасау керек. Ол қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен болатын барлық кешенді жұмысты қарастыруы тиіс. Президент Әкімшілігі мен Үкіметке екі ай мерзім ішінде осындай ұсыныс енгізуді тапсырамын", - деді Президент.

Ол бұл маңызды жұмыста негізгі қозғаушы күш Президент жанындағы әйелдер істері, отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия болуы керектігін айтты. "Комиссия құрамын нығайту керек, оның жұмысына азаматтық қоғамның беделді өкілдерін тарту керек. Комиссия менің айтқандарымның бәрін зерттеп-талдауы керек. Неге балаларды тастап кетіп жатыр? Неге некелердің 20 пайызға жуығы алғашқы жылдары-ақ ажырасумен аяқталады? Жастарды бұл мәселелерге психологиялық жағынан кім даярлайды? Түрлі жағдайлар бар екенін түсінеміз, бірақ мұндай деңгейде емес. Қариялар мен тірі, сап-сау балаларды неге тастап кетеді? Президент Әкімшілігімен бірге осы мәселелердің бәрін зерттеп, мемлекет тиісті шара қолдануы керек", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы елдің заңнамасында балалардың ата-ана үшін жауапты екені жазылғанын атап өтті. "Егер қарттары қасында болмаса, олар қариялар үшін алимент төлеуі тиіс. Бұл заңның қалай орындалып жатқанын тексеру керек. Еңбекпен қамтуда қарт адамдарды қорғаудың заңдық тетіктерін енгізу мәселесін қарау керек", - деді ол.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети