01 қараша 2018 17:48

Назарбаев Уәлиевті уақытша қызметінен босатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуатжан Уәлиев. © Андрей Лунин Қуатжан Уәлиев. © Андрей Лунин

Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті уақытша қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиевті уақытша қызметінен босатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет Басшысының Өкімімен Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысының лауазымдық өкілеттіктерін атқарудан уақытша шеттетілді", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Мұның алдында осы министрліктің лауазымды тұлғалары ұсталғаны хабарланған болатын. Бұл мәліметті Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанадағы брифинг барысында растаған еді.

Сондай-ақ, Мәдениет және спорт министрлігінің Әкімшілік департаментінің директоры Еренай Дәржібаев үй қамауына алынғаны туралы белгілі болған еді.

"Тергеу соты сотқа дейінгі тергеу органдағылардың күдікті Дәржібаевқа қатысты бұлтарпау шарасы ретінде 2 айға - 2018 жылдың 24 желтоқсанына дейін үй қамауына алу туралы өтінішін қанағаттандырды", - деп хабарлаған еді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Мәдениет және спорт министрлігінің лауазымды тұлғаларының ұсталған видеосы жарияланды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети