Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысымен кездесті 25 тамыз 2017, 19:31

Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Бас хатшысы Юрий Хачатуровпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Кездесуде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлі және ұйымды одан әрі институционалдық дамыту үдерісінің басты аспектілері талқыланды.
Сондай-ақ, әңгіме барысында биылғы күзде Минск қаласында өткізу жоспарланып отырған ұйымның Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына дайындық мәселелері қарастырылды.