02 шілде 2015 16:48

Назарбаев үкімет мүшелеріне әлемдік экономикадағы трендтерден қапы қалмауға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет мүшелеріне әлемдік экономикадағы трендтерді қадағалап отыруға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет мүшелеріне әлемдік экономикадағы трендтерді қадағалап отыруға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жалпы экономиканың технологиялық дамуы мүлде басқа жолмен үдей түседі, міне, мен осыған ерекше назар аудартқым келеді. Біз жүргізіп жатқан индустриялдық саясатты одан әрі жүргізуге мәжбүрміз және оны бүгінгі заманауи экономиканың трендіне өтуге арналған тірек деп есептеу қажет", - деді Назарбаев жалпыұлттық телекөпір барысында.

Айта кетейік, Астанада Президент Нұрсұлтан Назабаевтың қатысуымен "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының орындалу барысы мен елдің индустриялдық-инновациялық дамуына арналған жалпыұлттық телекөпір өтіп жатыр.

"Индустриялдық бағдарламамен жұмыс істеу кезінде арнайы адамдардың әлемдік дамуды қадағалап отыруы екінші бесжылдықта кен ісінде қажет. Қазір мүлде бөлек әдіс қолданылады, минералды қорды пайдалану тарылады және бізге экономиканы дамытудың жаңа тәртібіне өтуден құр қалмау керек. Біздің қазір жасап жатқанымыз Қазақстанда бұрын жасалуы тиіс еді, 30-40 жыл бұрын, бірақ біз оны бүгін істеуге мәжбүрміз. Онсыз алға секіру мүмкін емес. Өткізіп алмайық, Әсет Өрентайұлы, адамдардың арнайы тобының қадағалап отыруын үкіметте бақылап отыру керек", - деді Қазақстан Президенті.

"Көрмені көріп шықтым, негізгісі жобалар мен жоспарлар. Кейбірі орындала бастаған. Барлық облыста ненің істелетіні тіркеп жазылатын болады. Не іске қосылды, не алдағы уақытта қосылады. Барлығыңызға тапсырма - облыс әкімдері мен барлық деңгейдегі атқарушы биліктер барлығын уақытында жасауды үйренуі тиіс, бизнеске көмектесіп, сол жерде алға қойылған жоспарларды іске асырулары тиіс", - деді ол.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети