15 қыркүйек 2014 20:20

Назарбаев Үкіметке барлық әлеуметтік міндеттемелерді орындауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото akorda.kz Фото akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы, Үкімет жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министр Кәрім Мәсімовті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы, Үкімет жұмысы мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Қазақстан Президенті Ресей, Қытай және басқа елдердің басшыларымен Душанбеде өткен келіссөздер нәтижесінде экономикалық қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған бірқатар уағдаластықтарға қол жеткізілгенін айтты.

"Әлемдік нарықта біздің негізгі шикізатымыз – мұнай мен газ бағасының төмендеуі байқалуда. Металлургиялық өнеркәсіпте, мұнай өндіруде және кейбір өнімдердің экспортында құлдырау бар, сондай-ақ таяу көршілерімізбен арада сауда төмендеген. Мұның бәрі әлемдік экономикалық үдерістердің ықпалына байланысты. Соған қарамастан біз экономикалық көрсеткіштердің төмендеуіне жол бермей, биылғы жылды тиісті деңгейде аяқтауға тиіспіз. Келесі жылдың бюджетін Қазақстанның барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ете алатындай етіп түзуіміз керек", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев қандай жағдай болсада, халықтың әлеуметтік ахуалы нашарламауына назар аударды. "Мемлекеттің зейнетақы, еңбекақы, сыйақы бойынша барлық төлемдері біз белгілеген деңгейде қалуы керек. Бұл оңай міндет емес, бірақ ол шешілуі тиіс", - деді Қазақстан Президенті.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Үкіметтің әлемдік нарықтардың тиісті даму бағыттарына және ықтимал дағдарыс жағдайларына лайықталған әртүрлі сценарийлері болғаны жөн екенін айтты. "Барлық сценарийлер біздің қандай жағдайда не істеуіміз керектігі жөніндегі есептермен және нақты жоспарлармен бекітілген болуға тиіс. Біз дағдарысқа қарсы тиімді жоспарды іске асырып, 2007-2009 жылдардағы дағдарысты өткердік. Әлемдік тәжірибемен қатар сол тәжірибені де ескеру керек. Біздер индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында іске қосқан нысандардың барлығы толық қуатында жұмыс істеуі қажет, шағын және орта бизнес бюджеттің толығуы және жұмыс орындары жөніндегі өз жауапкершілігін сезінуі керек", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Өз кезегінде К.Мәсімов жағдайдың түрлі сценарийде өрбуінің алдын алу үшін Үкіметте Ұлттық банкпен және облыс әкімдерімен бірлескен арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты. "Осы жылы барлық әлеуметтік міндеттер толықтай орындалады. 2015 жылдың бюджеті де қалыпты жүзеге асатындай болып жасақталды. Сіздің тапсырмаңызға сәйкес, жағдайға әрекет етудің түрлі сценарийлері әзірленетін болады. Сізді сыртқы нарықта қандай жағдай болса да, еліміздегі ахуал нашарламайтындығына сендіргім келеді", - деді Премьер-Министр.

Айта кетейік, 15 қыркүйек күні Мәжілісте Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың қатысуымен "2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети