14 наурыз 2014 18:41

Назарбаев Украина ахуалын Кэмеронмен талқылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев.  ©Тengrinews.kz Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Украинадағы ахуалды Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен телефон арқылы талқылады деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Екі елдің көшбасшылары Украина дағдарысын дипломатиялық келіссөздер жолымен және халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып бейбіт реттеу қажеттігін қуаттады", - делінген хабарламада. Тараптар қалыптасып отырған жағдайдың шешімін табу Украинада халықаралық құқықтың барлық базалық нормаларын қалпына келтіру арқылы бейбіт жолмен жүзеге асырылуға тиіс екенін атап өтті. Британ тарапының бастамасымен өткен телефон әңгімесі барысында Қазақстан - Ұлыбритания қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, соның ішінде Кэмеронның 2013 жылғы шілде айында Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысы талқыланды. Сонымен бірге, әңгімелесу кезінде халықаралық саясат мәселелері, алдағы 24-25 наурызда Гаагада өтетін Ядролық қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммитке дайындық жөнінде де пікір алмасылды. Еске сала кетейік, осы аптада Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обаманың телефон арқылы болған әңгімелесуі кезінде де Украина ахуалы талқыланған болатын. Тараптар Ресей мен Украина арасындағы даудың бейбіт шешімін табуға жалпы мүдделілік танытты. Мемлекет басшысы бұл мәселе жөнінде Ресей Президенті Владимир Путинмен де әңгімелесіп, оған дағдарысты халықаралық құқық нормаларына сәйкес бейбіт жолмен реттеу қажеттігін айтқан болатын. "Қазақстан стратегиялық серіктес ретінде Украинадағы аз ұлттар құқығын қорғаушы, сондай-ақ өзінің қауіпсіздігіне мүдделі Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайды", - деген болатын Елбасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети