12 ақпан 2014 19:53

Назарбаев: Ұлттық банк шешімі жайлы алаңдауға негіз жоқ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Akorda.kz ©Akorda.kz

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-министр Серік Ахметовпен және Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетовпен кездесті деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Қазақстан валютасының девальвациясы жөніндегі шешім қарапайым адамдарға кері әсер етпеуі тиіс. Енді бағаның қолдан өсірілмеуін қадағалау ерекше маңызды, валюта айырбастау пункттеріндегі алыпсатарлықтың жолын кесу керек. Барлық деңгейдегі әкімдер мұны бақылауға алып, ал тиісті мемлекеттік органдар тұрақты мониторинг жүргізіп, қалыптасқан экономикалық жағдайда алыпсатарлықпен айналысқандарға лицензиясынан айыруға дейінгі ең қатал шараларды қолдансын. Қазіргі уақытта ұлттық валюта бағамының шегі белгіленген деңгейде болып, экономикамыздың игілігіне қызмет етуі үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған жөн", - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы алаңдауға ешқандай негіз жоқ екенін қазақстандықтарға түсіндіру қажеттігін айтты. "Бұл - әрқайсысында 10-40 мың адамнан жұмыс істейтін біздің кәсіпорындарымыздың экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған аса маңызды қаржылық шара. Экономикамыз бұдан қосымша пайда көреді, тұтастай алғанда, экономиканың өсуіне оң ықпал етеді. Бұл шешім осындай мақсатпен қабылданды. Сондықтан, ешқандай дүрлігуге жол бермей, алыпсатарлықтың алдын дер кезінде кесу керек", - деді Президент. Өз кезегінде Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов бұған дейін әлемдік экономика жағдайы мен теңгенің өзге елдер валютасына қатынасын талдау жөнінде алты ай бойы жұмыс жүргізілгенін айтты. Келімбетовтің сөзіне қарағанда, 2009 жылдың ақпанында қол жеткізген әлеуетіміз экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін арттырған. "Біз жақсы нәтижелерге жеттік, бірақ 2012-2013 жылдары бұл әлеует бірте-бірте сарқыла бастады, себебі өзге дамушы елдердің валютасының америкалық долларға қатынасы әлсіреді. Бүгінде көптеген инвестор дамушы нарықтардан кетіп, шетелдік капитал дамыған нарықтарға қарай ауысып жатыр. Біз Түркия, Бразилия, Ресей елдеріндегі ахуалдың өзгеріске түскенін көріп отырмыз. Жалпы алғанда, бұл - осы жылдың үрдісі. Сонымен бірге, ресейлік рубльге қатысты тұрлаусыздық бар. Орталық банк рубльді еркін жүзуге жібергелі ресейлік валюта бағамы бір долларға 35 рубль деңгейіне жетті. Бұл жерде жағдай әлі анық емес", - деді Келімбетов. Бас банкир импорттың экспортқа қарағанда артып отырғанын айтты. Валюта бағамын қайта реттеу осыған байланысты қолға алынған. "Бір долларға 145-155 теңге болған бұрынғы дәліз өзін-өзі тауысты. Бүгінде біз курстың 20%-ға өзгеруі, бағамның бір долларға 185 теңге көрсеткішіне жетуі таяу арадағы орташа мерзімді кезеңде қазақстандық экономикаға қажетті сол тепе-тең әрі бәсекеге қабілетті курс деп есептейміз. Сондықтан Ұлттық банк басқармасы осындай шешімді, біздің ойымызша, дер кезінде қабылдады", - деді ол. "Алдыңғы курсты ұстап тұру үшін шілде-тамыз айларында біз ұлттық резервтен 2,7 млрд долларды, қаңтар айында 2,2 млрд долларды саттық. Бұлай бола бергенде жағдай бақылаусыз кетер еді. Қазіргі уақытта курсты өзгертуге түрлі баға беріліп жатыр. Көпшілік курс 20%-ға өзгерсе, тауардың барлық түрінің бағасы 2-3 есе өседі деп есептейді. Сол себепті кеше Үкіметпен және әкімдермен бірге жиналыс өткізіп, алдымызға инфляция деңгейін 6-8% дәлізінде ұстап тұру міндетін қойдық. Меніңше, бұл - қол жеткізуге болатын міндет. 2009 жылы инфляция деңгейі 6,7%-дан аспады. Оны ұстап тұруға бізде барлық тетік бар", - деді Ұлттық банк төрағасы. Премьер-министр Серік Ахметов те әлемдік экономикадағы ахуалды ескерген жағдайда Ұлттық банк жүргізген девальвацияның қажетті шара екенін атап өтті. Ол бағамға енгізілген түзетуге байланысты сауда орындарын тауар өнімдерімен үздіксіз қамтамасыз ету, барлық сала, оның ішінде, айырбас пункттері, май құю бекеттері, базарлар бойынша күнсайынғы мониторинг жүргізу мәселелеріне арналған жиналыс өткенін айтты. Үкімет тұрақтандыру қорларын тиімді пайдалануға көңіл бөлмек. Ахметов АИ-92, АИ-80 жанармайлары, дизель отыны сияқты әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін 30-45 күн бойы бұрынғы бағамен сату үшін еліміздегі қоймаларда жанар-жағармай жеткілікті екенін мәлімдеді. "Келесі аптада әлеуметтік маңызы бар тауарлардың 35 түрі бойынша бағаның төменгі шегін белгілеу туралы шешім қабылданады. Қазір түсіндіру жұмысы жүрізіліп жатыр. Жергілікті әкімдер бұл салада тұрақтылықты қамтамасыз ететін болады", - деді Үкімет басшысы. Еске сала кетейік, Ұлттық банк 11 ақпан күні теңгенің айырбас бағамын бұрынғы деңгейінде ұстап тұрудан бас тартатынын жариялаған еді. Ұлттық банк айырбас пункттерінде шетелдік валютаны сатып алу мен сату бағамының ауытқу шегін белгіледі: доллар бойынша - 2 теңге, евро бойынша - 3 теңге. Доллардың орташа өлшенген бағамы - 163,9 теңге.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети