13 желтоқсан 2016 18:47

Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Ұлттық банк төрағасы Қазақстан Президентіне 2016 жылғы 11 айдағы қаржы нарығының бүгінгі нәтижелері туралы баяндады.

Ұлттық банк басшысы теңге бағамының әлемдік негізгі валюталарға қатысты тұрақтанып келе жатқанын атап өтті.

"Ұлттық банк соңғы айларда валюта саудасына қатысып отырған жоқ. Осылайша, айырбас бағамы Ұлттық банктің араласуынсыз, өте еркін жағдайда қалыптасуда. Нарықта құнсыздану қатері азайды. Теңге 3,4 пайызға нығайды, негізінен бұл биылғы желтоқсанда мұнай бағасының көтерілуіне байланысты болып отыр", -  деді Данияр Ақышев.

Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы биылғы қараша айының қорытындысы бойынша инфляция көрсеткіші қайтадан бір таңбалы санға оралып, 2016 жылғы 11 айда 7,5 пайыз болып отырғанын мәлімдеді.

Елбасы ұлттық валютаның еркін айырбас бағамына көшуі былтыр оң нәтиже бергенін атап өтті.

"Теңгенің енгізілген еркін айырбас бағамы өзін-өзі ақтады. Айырбас бағамы әлемдік бағаға байланысты болғандықтан, бірқатар ауытқулар орын алуы мүмкін. Алайда, біз тиісті шаралар қабылдауға әзірміз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы банк жүйесіндегі ахуалды одан әрі тұрақтандыруға қатысты және қаржы нарығындағы жұмыс жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети