Назарбаев ұлы бизнесмен жайлы өсиет әңгіме айтып берді

17 Наурыз 2017, 21:50
0
Назарбаев ұлы бизнесмен жайлы өсиет әңгіме айтып берді -

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада журналистермен кездесуінде ұлы бизнесмен жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сұхбат республикалық телеарналардың эфирінде көрсетілді.

"Бизнесмендер жайлы мынадай бір әңгіме бар. Бір бизнесмен болыпты, жетістікке жеткен, адамдарға көп көмектескен. Ол о дүниеге барғаннан кейін құдай оған сый жасамақ болады. Сөйтіп оған айтыпты: "Мен саған бірінші тозақтың қандай екенін және жұмақтың қандай екенін көрсетейін. Сосын таңдайсың". Ол тозақты көруге барады. Дастархан жайылып тұр екен. Ішетін де, жейтін де - бәрі бар. Бірақ шу болып, ешкім ешкімді тыңдамайды екен. Байқаса олардың күнәсі үшін құдай олардың қолы бүгілмейтіндей етіп қойыпты. Сөйтіп, олар тік қолдарымен тамақтана алмайды екен. Сондықтан олар бір-бірімен ұрысып, айғайласады. Сосын бизнесмен жұмаққа барып көріпті. Жұмақта да дастархан жайылып тұр екен. Ол жақта адамдар қарындары тойып, іштері пысып отыр екен. Бизнесмен осы кезде "мені тозаққа жіберіңіз" депті. Одан неге жұмақты таңдамағанын сұраса, ол "Мен тозақтағыларды тік қолдарымен бір-бірін тамақтандыруды үйретемін" деп жауап беріпті. Бұл ұлы бизнесмен болған. Біреуге бірдеңе беру арқылы ала аласың", - деп әңгімеледі Мемлекет басшысы.

Айтуынша, елімізде бизнес пен мемлекет дәл осы мысалдағыдай бір-біріне көмектесу арқылы жақсы табыс таба алады.

Осыған дейін Назарбаевтың мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы сұраққа жауап бергені хабарланған еді. Кейін журналистер саяси бәсекелестіктің жоқтығы жайлы сұрақ қойған болатын.

Еске салайық, Кездесуге қатысушылар "Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге "Қазақстан", "Хабар", "МИР" телеарналарының, "Айқын" газетінің, "Esquire" журналының, "Қазақпарат" ақпарат агенттігінің журналистері қатысты. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай