15 маусым 2017 18:51

Назарбаев үш заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев конституциялық заңдарды Конституцияға енгізілген түзетулермен сәйкес келтіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сондай-ақ Президент өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау, қорғау, өсімін молайту және пайдалану салаларындағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер мен жануарлар дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети