26 сәуір 2016 12:30

Назарбаев ұшақты алдыңғы шассисіз қондырған Bek Air командиріне: Қорқынышты болды ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дмитрий Родин Дмитрий Родин

Астана әуежайына Fokker-100 ұшағын апатты жағдайда қондырған командир Дмитрий Родин Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы кезінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана әуежайына Fokker-100 ұшағын апатты жағдайда қондырған командир Дмитрий Родин Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясы кезінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті командир сөз сөйлердің алдында барлығының оқиға қалай болғанына қызығушылық танытатынын сұрады.

"Теледидардан бәрін көрсетті ғой", - деп жауап берді Родин салмақты түрде.

"Дегенмен қорқынышты болған шығар?", - деп сұрақ қойды Президент.

"Менде оған уақыт болған жоқ, Нұрсұлтан Әбішұлы", - деп жауап берді экипаж командирі.

"Артқы дөңгелегінің ашылғаны жақсы болды деп ойлаған боларсың. (...) Жарайсың, ерлік", - деді Назарбаев.

Родин өз сөзінде оқу орталығында болған жарылыс кезінде сарбазды құтқарып қалған полковник Қайрат Үмбетов жөнінде де айта кетті.

"Нұрсұлтан Әбішұлы, "Қазақстан" деген лайнердің штурвалы сіздің қолыңызда, сіздің артыңызда 18 миллион адам бар", - деді Родин.

"Сондықтан да мен батыр емес екенімді айтамын. Мен ерекше емеспін, сіздер сияқты адаммын. Екеуміз деңгейлес болдық", - деді Президент күле отырып.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети