17 сәуір 2017 19:20

Денсаулық сақтау басқармасы Астанада оқушылардың уланғаны туралы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет. © Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық сурет. © Тұрар Қазанғапов

Дарынды балаларға арналған №81 Аstana English School мектеп-гимназиясының бес оқушысы орташа ауыр өткір гастроэнтерит диагнозымен Балалардың қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Бәкіров мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Дарынды балаларға арналған №81 Аstana English School мектеп-гимназиясының бес оқушысы орташа ауыр өткір гастроэнтерит диагнозымен Балалардың қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ілияс Бәкіров мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

4 сынып оқушылары ауруханаға түскен кезде іштері өтіп, дене қызуы көтерілгенін, іштері ауырғанын, әлсізденіп, тәбеттері төмендегенін айтып шағымданған. Осындай шағымдармен тағы 4 бала ауруханаға түскен.

"Балалардың жағдайы орташа ауыр. Оларға стационарда тиісті ем-дом көрсетілуде және сауығып келеді. Қалған 3 бала дәрігерлердің кеңес беруімен амбулаторлық жағдайда емделуге жіберілді. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы тұрақты", - дейді Ілияс Бәкіров.

Эпидемиологиялық тексеру барысында анықталғандай, балалардың ауыруы мектепте күн ыстық болған 14 сәуірде торт жеумен байланысты.

Білім басқармасының мәліметтеріне сәйкес, 15 сәуірде Астана қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департаментінің арнайы комиссиясы азық-түліктер мен дайын өнімдердің сапасына сынамалар алды. СЭС өкілдері мектеп асханасының санитарлық жағдайын тексеріп, санитарлық норманың сақталғандығын анықтады.

Гимназияның педагогтар құрамымен жиналыс өткізіліп, барлық жауапты тұлғаларға болған оқиға туралы хабарланды. Негізінде мектеп асханасында 03 сәуірден бері "Ботпанаева К.Б." ЖК қызмет көрсетеді.

2017 жылғы 15 сәуірдегі №03/64 санитарлық-эпидемияға қарсы профилактикалық шараларды өткізу туралы қаулыға сәйкес, бұзушылықтар анықталған жоқ. Алайда жауапты тұлғаларға бірқатар профилактикалық шаралар өткізу туралы кеңес берілді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі департамент азық-түліктердің тәуліктік сынамаларын тексеру қорытындысын 2-3 күннен кейін жариялайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети