05 мамыр 2015 17:11

Назарбаев Ыдырысовты борышкер ретінде "жазып алды"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vechastana.kz © vechastana.kz

Қазақстан Президенті қоғамдағы біреудің есебінен күн көру мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елбасы өмірден алынған мысалдарды келтіріп, сыртқы істер министрін шартты түрде борышкер ретінде "жазып алды".


Қазақстан Президенті қоғамдағы біреудің есебінен күн көру мәселесін көтерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Елбасы өмірден алынған мысалдарды келтіріп, сыртқы істер министрін шартты түрде борышкер ретінде "жазып алды".

"Мұндай біреудің есебінен күн көру неге болады? Адамдар ақшаларын үлескерлік құрылысқа берді, мемлекет оларды қинаған жоқ, өз еріктерімен барды, ақшалары бар ма, құрылыс жүргізе ала ма, жоқ па тексерілмеген алаяқтарға берді. Ал енді: пәтер беріңдер деп отыр. Кім бұлай істейді?", - деп сұрады Назарбаев Ақордада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында. 

"Мен Ерлан Ыдырысовқа (ҚР СІМ басшысы - Автор.) қарызға ақша бердім, ол маған қайтармады, мен кімге баруым керек? Мемлекетке ме? Ерлан үшін маған ақша беріңдер - шамасы осылай болып тұр ғой. Мұндай еш жерде жоқ, тек бізде кеңестік психология қалып қалған, болды, біреудің есебінен күн көруге болмайды. Мемлекеттің басты міндеті - адам жұмыс істеуі үшін жұмыс орнын беруге тырысу. Болды, қалғанын ол өзі жасауы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

"Ауылда жұмыс істегің келе ме - шағын несие ал, аулалық шаруашылықты дамыт, мал ұста, сат, ақша тап. Қаламайсың ба - қалаға бар, біз сені мемлекет есебінен тегін оқытамыз, мамандық пен разряд береміз, жұмысқа тұрғызамыз, баспана да береміз. Енді тағы не істеу керек? Сондықтан біздің азаматтарымыз, өз елін, Қазақстанды және өзін сүйе отырып жұмыс істеу керегін түсінуі керек. Ал қазір жұмыс істегенге бәрі беріледі", - деді Президент.

Сонымен қатар, ол қолжетімді баспананың кез келген адамға берілмейтінін айтты, ол отбасының екі мүшесі жұмыс істейтін және жалға алу ақысын төлей алатын кірісі барларға ғана беріледі. "Жас отбасы келіп: Президент айтты, бізге пәтер беріңдер демесін. Сен жұмыс істейсің бе, жоқ па? Қанша табасың, жалға алу ақысын төлей аласың ба, жоқ па? Жалға алу ақысы деген не - сол пәтерақысы. Біз сонымен қатар, ол пәтерақаны жинақтап, өз пәтерімізді сатып алу үшін төлейміз. Мұндайды мүлдем ешкім жасамайды, Қазақстан жасайды. Мұның түп-тамыры жұмыс істеу керектігінде", - деді Президент.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети