Назарбаев Зимбабве президентін қабылдады

21 Қаңтар, 14:50
0
Назарбаев Зимбабве президентін қабылдады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстанға ресми сапармен Зимбабве президенті Эммерсон Мнангагва келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордадан. 

Шетелдік қонақпен ресми кездесу Қазақстан Президентінің елордалық резиденциясында өтті. Эммерсон Мнангагвамен кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев оған республика үкімет мүшелерін таныстырды.

Сосын Мемлекет басшысы Зимбабведен келген делегациямен амандасты. Осыдан кейін Мемлекеттік кұзет қызметінің президенттік оркестрі екі елдің әнұранын орындады. 


Эммерсона Мнангагва мойнында Зимбабве туын бейнелейтін мойынорағыш болды. © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшылары Ақордада екіжақты келіссөздер жүргізіледі, содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев және Эммерсон Мнангагва журналистермен кездесуге шығады. 

Қазақстанға келгенге дейін Зимбабве көшбасшысы Ресейде, Беларусьте және Әзербайжанда болды.  

76 жастағы Эммерсон Мнангагва 2017 жылы қарашада Зимбабве президенті болып сайланды. Оған дейін ол елдің бірінші вице-президент қызметін атқарды. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай