28 маусым 2019 00:03

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Тараздың тарихи жерлеріне саяхат жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Еліміздің Ақтөбе және Көкшетау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары "Туған елге тағзым" патриоттық жобасы аясында Тараз жеріне саяхатпен келді. Онкүндік өлкетану экспедициясы барысында оқушылар аймақтың тарихы мен мәдениетімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  


Еліміздің Ақтөбе және Көкшетау қалаларындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары "Туған елге тағзым" патриоттық жобасы аясында Тараз жеріне саяхатпен келді. Онкүндік өлкетану экспедициясы барысында оқушылар аймақтың тарихы мен мәдениетімен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

 "Туған елге тағзым" өлкетану зерттеу экспедициясы Назарбаев Зияткерлік мектептертерінде 2012 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оқу-ағарту сапарының ерекшелігі - Назарбаев Зияткерлік мектептерінің өзара маршрут алмасу арқылы Қазақстанның түрлі аймақтарымен танысып, зерттеу жүргізуі.

Жобаға әр Зияткерлік мектептен оқудан, спорттан, өнерден үздік шыққан оқушылар қатыстырылады.

"Саяхаттауға келген оқушыларды Тараздағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мен кураторлары құшақ жая қарсы алды. Жергілікті оқушылар кішігірім экскурсия ұйымдастырып, қонақтарды өз орындарына жайғастырды. Алғашқы күннің бағдарламасына кітап оқу сағаты, ұлттық және спорттық ойындар, танысу кеші, психологиялық ойындар, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық тыңдау және кампус-тур енді", - делінген хабарламада.

Бағдарлама аясында куратор, әрі тарихшы Нұрбол Аманбеков Тараз қаласының тарихына шолу жасады. Сондай-ақ оқушылар Тараз қаласының тарихи мұражайлары - 1939 жылы негізі қаланған Жамбыл облыстық мұрағатымен, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі мен республикалық маңызы бар тарихи ескерткіш - "Көне Тараз" археологиялық саябағымен таныс болды.

Сонымен қатар экспедициялық топ Қарахан, Дәуітбек ата кесенелерін аралады. Қали Жүніс ортағасырлық моншасымен де танысты.

"Олар Тектұрмас және Мәмбет батыр кесенелеріндегі ежелгі жерасты жолы және Талас өзені арқылы өткен тас көпір жайлы да қызық әңгімеге қанықты. Ортағасырлық мешіт тарихыда назардан тыс қалмады.
Төрткүл керуен сарайында аялдаған оқушылар оның ерте дәуірде Орта Азияны өзге елдермен байланыстыратын керуен жолы болғанынан хабардар болды. Айша бибі мен күтушісі Бабаджа-Хатун кесенесі қонақтарды тек ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар әдемі аңызымен де қызықтырды. Топтың соңғы аялдаған жері "Қазақ хандығына 550 жыл" монументі болды", - деді экспедиция мүшелері.


 
Оқушылар экспедиция барысыныда 130 жыл бойы зерттелсе де, өз құпиясын аша қоймаған орта ғасырлық Ақыртас кешеніне де бас сұқты. Оқушылар нысанның Бүкіләлемдік Мәдени Мұралар тізіміне енгізілгенінен және кешенде туризмді дамыту жайынан хабардар болды.  Жас ғалымдардың келесі зерттеу нысаны ретінде ортағасырлық қоныстар ұсынылды.  Қара-Арша шатқалы оқушыларды өзінің бай өсімдіктер әлемімен таңқалдырса, Сұғаты шатқалының сұлу пейзажы мен жануарлар дүниесінің сан алуандығы қонақтарға қайталанбас әсер сыйлады.

"Мектеп оқушылары Жуалының да жерін көріп қайтты. Алғашқы нысандардың бірі – Орталық Азиядағы ең ірі күн электр станциясы "Burnoye Solar-1" болды. Қуаты 50 МВт-ты құрайтын КЭС 2015 жылы іске қосылған. Онда 192 мың күн панелі орнатылған.  Ары қарай оқушылар дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, қолбасшы Бауыржан Момышұлының мұражайына аттанды. Мұражайда батырдың өмірімен, ерлігімен толық танысып, соғыс жылдарындағы жәдігерлерді тамашалады.  Жас туристер аялдаған келесі нысан Жуалыдағы Кілем цехы болды. Ол – қазақтың ұлттық ою-өрнегін және адам бейнесін кілемге тоқитын Қазақстандағы жалғыз шағын кәсіпорын. Оқушылар цехтың ашылу тарихымен таныс болды", - делінген хабарламада 

Қайтар жолда қала қонақтары VI-X ғғ. Әулие бастау тарихи ескерткішіне соғып, бұлақ суынан шөл қандырды. Оқушыларды бұлақтың аса маңызды минералдар мен микроэлементтерге бай және көптеген ауруларға шипа екені таңқалдырды.

"Экспедицияның бесінші күнінде оқушылар биологиялық құндылықтарға толы Көксай шатқалының тарихына қанық болды. Шатқалдың әсем табиғаты тәнті етті. Оқушылар бағалы сәндік және дәрілік өсімдіктердің тектік қорымен танысып, Қызыл кітапка енген біраз өсімдіктерді кезіктірді.  Кешке оқушылар "Рухани қазына" атты шеберлік сыныбының жұмысымен де танысты", - деді экспедиция мүшелері.

Онкүндік созылған экспедицияда оқушылар Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Тараз локомотив жөндеу депосы, "Қазфосфат" ЖШС және "Әйнек" зауытында болып қайтты.  Сонымен қатар облыстық Қазақстан Халықтары Ассамблеясына саяхат барысында оқушылар жергілікті диаспора өкілдерімен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігімен танысты.

 "Жас саяхаттаушылар Қаратау бөктерінде өткізді. Қаратаудағы республикалық маңызы бар кешенді мемлекеттік табиғи қорықша – Берікқара шатқалында болып қайтты.
Кешкі уақытта мектепте "АRT терапия" деп аталатын қолөнер сағаты өткізіліп, оқушылар онда түрлі қолөнер бұйымдарын жасап, бір-біріне сыйға тартты", - делінген хабарламада.

"Жастар жылы" аясында оқушылар "Жастар жылы – жаңа мүмкіндіктер кезеңі" тақырыбында Стивен Хокингтің "ізбасары", жас ғалым Исаак Мустопуломен және жас ақын Марал Хантөремен кездесті. Екі дарынды адамның мазмұнды әңгімесі оқушыларды қанаттандырып, ерекше әсер сыйлады. Осылайша оқушылардың көне қалаға жасаған сапары мазмұнды және олар үшін әсерлі болды

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети