25 қыркүйек 2017 18:02

Назарбаев Ангела Меркельді құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ренат Ташқынбаев. © Ренат Ташқынбаев.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Германияның Федералдық канцлері Ангела Меркельге құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельді Христиан демократиялық одағының Германия Бундестагына сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады.

Мемлекет басшысы сайлау қорытындылары Федералдық канцлердің әлеуметтік-экономикалық саясатына неміс халқының қолдау көрсетіп отырғанының жарқын мысалы екенін атап өтті.    

Қазақстан Президенті Ангела Меркельдің халықаралық беделіне тоқталып, оның өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесін жоғары бағалады.

"25 жыл ішінде Қазақстан мен Германия арасындағы достық қарым-қатынастар жоғары деңгейге көтерілді. Елдерімізді жақындастыруға септігін тигізген бірлескен жобаларды табысты іске асыруға Сіздің зор үлес қосқаныңызды атап өткім келеді", - делінген жеделхатта.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ангела Меркельге зор денсаулық пен табыс, ал достас Германия халқына бақ-береке тіледі. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети