17 наурыз 2018 09:33

Назарбаев Си Цзиньпинді құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Халық Республикасының Төрағасы қызметіне қайта тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге Қытай Халық Республикасының Төрағасы қызметіне қайта тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Си Цзиньпинді Қытай Халық Республикасының Төрағасы лауазымына қайта тағайындалуымен құттықтады.

Қазақстан Президенті бұл оқиғаны елдің ұлттық мүддесін ілгерілету ісіне зор үлес қосқан Си Цзиньпинге Қытай халқының жоғары бағасы ретінде атап өтті.

"Қытай Сіздің басшылығыңызбен орташа ауқатты қоғам құру жолында бұдан да биік шыңдарды бағындыратынына сенімдімін. Келешекте Қазақстан мен Қытайдың түрлі салалардағы стратегиялық әріптестігі қарқынды дами беретініне және халықтарымыздың достығы одан әрі нығая түсетініне еш күмәнім жоқ. Осыған орай өзара сенім мен түсіністікке негізделген біздің жеке достығымыздың маңызы ерекше. Арамыздағы қарым-қатынастарымыз бен бірлескен жұмысымыз келешекте Астана мен Пекиннің жемісті ынтымақтастығының берік тірегі болатынына кәміл сенемін", - делінген жеделхатта.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Си Цзиньпинге зор денсаулық, бақ-береке тілеп, достас Қытай халқының өркендеуі мен дамуына ниеттестік білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети