27 сәуір 2019 13:37

Назарбаева: "Біздің мақсатымыз ортақ - азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты мазмұнмен байыту және жергілікті өзін-өзі басқаруды толыққанды жұмыспен қамтамасыз ету. Парламент Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда өткен кездесуде астана мәслихаты депутаттарының алдына осындай міндеттер қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін нақты мазмұнмен байыту және жергілікті өзін-өзі басқаруды толыққанды жұмыспен қамтамасыз ету. Парламент Сенатының төрайымы Дариға Назарбаева Нұр-Сұлтанда өткен кездесуде астана мәслихаты депутаттарының алдына осындай міндеттер қойды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Қолданыстағы заңнама жергілікті өкілді билік органдарына айтарлықтай өкілеттік береді. Бюджет қаражатын жұмсаудың басымдықтарын анықтау, қолда бар қаржы ресурстарын дұрыс бөлу, жергілікті бюджеттің орындалуын бақылау мәслихат депутаттарына байланысты", - деді Сенат басшысы.

Мәслихат хатшысы Жанат Нұрпейісов мәслихаттың көшпелі комиссиясы тұрақты түрде жұмыс істейтінін әрі жария тыңдаулар қарсаңында нысандарға барып, елорда тұрғындарымен кездесетінін және қаланың жай-күйінің нақты бағасын алатыны туралы хабардар етті. Астаналық мәслихат депутаты Рамзия Өмірбаева қаланың әлеуметтік саласын жақсарту жолында жасалған депутаттық бастамалар туралы айтты. Сенат Төрайымы мәслихаттар қызметін дамытудың өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін үлестік құрылыстардың мәселелері, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету, қалалық инфрақұрылымды жақсарту және басқа да жедел шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелерге шараға қатысушылардың назарын аударды.

"Біздің ортақ мақсатымыз - азаматтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыру. Адамдар жақсы жаңалықтар мен өзгерістерді күтеді. Және ертең емес, бүгін күтіп отыр", - деді Дариға Назарбаева.

Сенат басшысы сондай-ақ маңызды мемлекеттік бағдарламаларды халық арасына жеткізу мен хабардар ету жұмыстарының нашар екенін атап өтті.

Назарбаеваның айтуынша, бұл жергілікті әлеуметтік қызметтердің жұмысындағы олқылықтар болып табылады. Сенат Төрайымы халықтың тұрғын үй мәселесін шешу үшін бюджеттік тұрғын үй мен жатақхана салуға кәсіпкерлерді тартуды ұсынды.

Сондай-ақ аудиттің тәуелсіздігі мен тиімділігі және аймақтардағы тексеру комиссияларының бақылау міндеттерін қамтамасыз етудің қажеттігі атап өтілді. Жоғарғы палатаның басшысы мәслихат депутаттарын заң жобаларын әзірлеуге белсенді қатысуға, оларды іске асыру кезеңінде өз ескертулері мен ұсыныстарын беруге, ал сенаторларға - сайлаушылардың нақты проблемаларын білу және оларды жедел шешу үшін мәслихат депутаттарымен жиі қарым-қатынас жасауға шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети