Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Назарбаева мұғалімдерге: Бескүндікті барлығы армандады - сіздердің арман орындалды

01 Сәуір 2016, 18:53
0

Дариға Назарбаев Астанадағы "Astana English School" №81 мамандандырылған гимназиясын аралау кезінде қаланың мұғалімдер ұжымына бескүндік оқу аптасына өту мәселесін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Білемін, ата-аналар мен мұғалімдер бұл жайлы бұрыннан армандады. Міне, арман орындалып жатыр, құттықаймын", - деді Назарбаева.

Сонымен қатар, ол бескүндік оқу апталығын енгізудің неліктен бірінші сынып оқушыларынан басталғанын айтты. "Мемлекет басшысы айтқандай, бескүндік биыл бірінші сыныптар үшін. Неліктен бірінші сыныптағыларға ғана? Себебі олар мектепке Назарбаев Зияткерлік мектептері жазған оқулықтармен бірінші рет барады. НЗМ нарықта көп жыл болды, өздерін жақсы қасиеттерімен таныта білді. Олар мықты түлектерді шығарады, олар біздің институттар мен университеттерге түскенде бәрі оңай болады. Мұндай проблема бар. Яғни жағымды тәжірибе қалыптасты, осы тәжірибенің барлығы осы оқулықтарда", - деді вице-премьер.

Ол Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі талаптардың елдің барлық мектептеріне біртіндеп енгізілетінін айтты. "Яғни біз осы бағытта кезең-кезеңімен жүріп келеміз, тырысамыз. Сонықтан осы бірінші сыныптағылардың осы оқулығы фунционалдық сауаттылықтың дамуын да қарастырады - біз осы мәселені талқылап келдік, біріктірілген пәнтер, осының арқасында оқу жүктемесі азаяды. Осындай қызықты жаңалықтар келе жатыр. (...) Келесі жылдан бастап екінші, бесінші, жетінші және тоғызыншы сыныптар бескүндік оқу аптасына өтеді. Себебі басқа оқулықтар НЗМ-ге сәйкестендіріледі", - деді Дариға Назарбаева.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай