20 қараша 2018 11:01

Назарбаевқа полицейлердің жаңа формасы көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандық полицейлердің жаңа формасын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, ІІМ басшысы Президентке соңғы нұсқасын көрсетті.

Сюжеттегі кадрларға қарағанда, қазақстандық құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жаңа формасында POLITSIIA деген жазу пайда болады. Көшеде қызмет атқаратын полицейлер енді жыл мезгіліне байланысты түрлі баскиімдер киеді: кепке, тоқылған баскиімдер мен құлақшын.

Қазақстандық полицейлердің шевроны да өзгерген. Олар енді ақ және қара түсті болады. Ондағы жазбалар да латынша жазылады.

Еске сала кетейік, кеше Ақордада ішкі істер органдарының қызметін модернизациялау жөнінде кеңес өткен болатын. Президент жиын барысында полицейлердің жалақысын көтеруді тапсырған еді.

Қасымов полицейлердің формасында несі ұнамайтынын айтты

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети