Назарбаевқа "Токай" университетінің Инженерлік ғылымдар құрметті докторы дәрежесі берілді

08 Қараша 2016, 13:37
10
Назарбаевқа "Токай" университетінің Инженерлік ғылымдар құрметті докторы дәрежесі берілді - © Ақорда
© Ақорда

Мемлекет басшысы "Токай" университетінде болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті университетті аралау барысында күннен қуат алатын "Токай челленджер" автокөлігін көріп, "Болашақ" бағдарламасы бойынша осында оқып жатқан қазақстандық студенттермен әңгімелесті.

Елбасы оқу орнының ұжымы алдында сөйлеген сөзінде "Токай" университеті мен Назарбаев Университеті арасында қалыптасқан серіктестік қарым-қатынасқа назар аударды.

"Бүгінде Астана Еуразияның ірі ғылыми және білім беру орталығының біріне айналды. Біз қазір жастарды білім алу үшін өзіміздің университетімізге тартудамыз. Онда жапон жастары да оқитын болады деп үміттенеміз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы республикамызда ғылымды қамтитын экономика қалыптастыру үшін екі зияткерлік-инновациялық кластер - Назарбаев Университетінің "Астана бизнес кампусы" хайтек-паркі және Алматы қаласында "Алатау" технопаркі ашылғанын айтты.

"Токай" университетін осы ғылыми-инновациялық орталықтармен белсене ынтымақтасуға шақырамын", - деді Қазақстан Президенті.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарды "Токай" университетінің алдағы 2017 жылы атап өтілетін 75 жылдығымен құттықтап, Қазақстан мен Жапония қарым-қатынасы барлық бағытта одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.

Елбасыға Жапонияның жетекші білім беретін және ғылыми-зерттеу орталығы болып саналатын "Токай" университетінің Инженерлік ғылымдар құрметті докторы дәрежесі берілді.

"Токай" университетінің ректоры Ямада Киеси Нұрсұлтан Назарбаевқа Құрметті доктор дәрежесінің дипломы мен медалі тәуелсіздік кезеңінде Қазақстанды өркендетуге, сондай-ақ ғылым және білім беру саласын халықаралық стандарттарға сай дамытуға қосқан үлесі үшін берілгенін атап өтті.

"Сіз білім мен ғылымды, әсіресе жаратылыстану ғылымдары мен техникалық пәндерді жетілдіру, жаңғырту және жаһандандыру қажеттілігін сезініп, бұл бағытта көптеген маңызды саяси шешімдер қабылдадыңыз", - деді Я.Киеси.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (10)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай