29 маусым 2015 14:03

Назарбаевқа ұялы телефон арқылы хат жолдауға болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Нұрсұлтан Назарбаевқа ұялы телефоннан хат жіберуге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаевқа ұялы телефоннан хат жіберуге болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президенттің баспасөз қызметі 3 шілдеде Мемлекет басшысының akorda.kz ресми сайтының жаңартылған нұсқасын іске қосуды жоспарлап отыр.

"Жаңа сайттың ерекшеліктері ретінде оның қолайлы құрылымы мен навигацияларын, сайттың планшеттер мен смартфондарда толық көрінуіне лайықталған дизайнын, "Президентке хат" функциясы аясында Мемлекет басшысына хат жолдау мүмкіндігі қарастырылғанын атап айтуға болады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, Ақорда баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтетін іс-шаралардың аңдатпасын жариялады. Сонымен, 2 шілдеде Қазақстан Президентінің қатысуымен Индустрияландыру күнін өткізу жоспарлануда. Іс-шара "Нұрлы жол" және елді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысына арналады. Оның аясында Индустрияландыру картасындағы жаңа жобаларды және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясындағы инфрақұрылымдық нысандар құрысын іске қосу рәсімі өтеді. Сонымен қатар, Қазақстанның өндіріс тауарларының көрмесі ұйымдастырылады.

3 шілдеде өтетін жиында Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның есебі тыңдалады. 4-6 шілде күндері Мемлекет басшысының Астана күніне арналған іс-шараларға қатысуы жоспарланған.

Сонымен қатар, 8 шілдеде елімізге Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди сапармен келеді. Сапар барысында Қазақстан-Үндістан ынтымақтастығын одан әрі нығайту жолдары қарастырылады.  

Ал 9-10 шілдеде Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясының Уфа қаласында өтетін ШЫҰ және БРИКС саммиттеріне қатысуы көзделген.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети