06 наурыз 2016 13:04

Назарбаевтың McDonald's мейрамханасына баруы фастфудпен тамақтануға үндеу емес - баспасөз хатшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Назарбаевтың Астанадағы McDonald's мейрамханасына баруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.


Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Назарбаевтың Астанадағы McDonald's мейрамханасына баруына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми парақшасына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының сапарын қазақстандықтарды фастфудпен тамақтануға шақыруы деуге бола ма?" деген сұраққа Абаев былай деп жауап қатты: "Мұндай ұсыныстардың еш негізі жоқ. Ас ішу - бірінші кезекте әркімнің өзі шаруасы. Алайда McDonald's мейрамханасының ашылуын қазақстандықтардың күткенін жоққа шығармау керек".

"Ал кешегі сапардың себебі прагматикалық мәнге ие. Біріншіден, кәсіпорын желісінде 20 мыңға жуық азамат жұмыс істейді. Екіншіден, McDonald's азық-түлігінің 70-80 пайызы жергілікті азық-түліктен дайындалады. Үшіншіден, инвесторлар жаңа нарыққа шығу алдында ондағы ірі брендтерді зерттейді, әрине, McDonald's бұл тізімде соңғы орында тұрған жоқ. Осының арқасында олар нарықтың мүмкіндігіне, азаматтардың тұтыну әлеуетіне және елдегі жалпы экономикалық жағдайға баға береді. Сондықтан Президенттің кешегі сапары - оның шетелдік инвесторларды Қазақстанға келуге және осында өз ақшаларын құюына үндеуі", - деп қорытты Абаев.

Мейрамхана ауданы 863 шаршы метр аумақты алып жатыр, келушілер үшін отыруға лайықталған 206 орны бар. Оны безендіруге жаңа тұжырымдарға негізделген дизайндар, сондай-ақ келушілерге қызмет көрсетудегі ең заманауи жүйелер қолданылған. Мейрамхананың Астанадағы ресми ашылу рәсімі 8 наурызда өтеді.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети