30 қаңтар 2016 13:29

Назарбаевтың баспасөз хатшысы Қайрат Нұртас пен Головкин енгізілген партия тізіміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda © Akorda

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Қайрат Нұртас пен Головкин енгізілген тізімге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Қайрат Нұртас пен Головкин енгізілген тізімге қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook әлеуметтік желісіндегі Ақорданың ресми парақшасында Абаев Tengrinews.kz тілшісі жолдаған сұраққа жауап берді: "Әлеуметтік желі қолданушылары "Нұр Отан" партиясының атынан ұсынылған үміткерлер тізімінде спортшылар мен әртістердің болуына түрлі пікір айтып жатыр. Олар парламентке халықтың сүйіктілері емес, тәжірибелі мамандар керек екенін жеткізді. Осы жөнінде не айтар едіңіз?".

"Менің ойымша, әлеуметтік желілердегі мұндай пікірлердің көбі қалжың ретінде жазылды. Мұндай әңгімені шынымен айтқан адамдар тізімді жақсылап оқымаған дер едім. "Нұр Отан" партиясының атынан 127 үміткер ұсынылды, оның арасында 6-7 адам ғана шоу-бизнес пен спорт жұлдыздары. Олар қазақстандықтарға басқаларына қарағанда танымал болып тұрған шығар", - деді Дәурен Абаев.

"Ал толық тізімге келер болсақ, ол жаңа экономикалық жағдайда тиімді жұмыс істеуге бағытталып жасалған. Онда аймақтарды жақсы білетін, әлеуметтік салада, бизнесте, энергетика саласында жұмыс тәжірибесі бар партия мүшелері енгізілді", - деді ол.

"Сонымен қатар, партия ұсынған тізімге мемлекеттік басқаруда маңызды қызметпен айналысқандар да кірді", - деді Дәурен Абаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети