02 наурыз 2016 17:45

Назарбаевтың сынынан кейін әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағында сүрілетін үйлер белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы әкімдігіндегілер табиғи саябақтардың территориясында және әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағында соғылған нысандарды санады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әкімдігіндегілер табиғи саябақтардың территориясында және әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағында соғылған нысандарды санады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Медеу" саябағының территориясын тексергеннен кейін онда құрылысы аяқталмаған 15 нысанның бар екендігі анықталған. Олардың ішінде жетеуінің құрылысы тоқтап қалған, соғылып жатқан тағы үш нысан мен бес тастанды нысан бар. Бес нысанның рұқсат қағазы жоқ болып шықты.  

Іле Алатауы ұлттық табиғи саябағында әкімдік өкілдері соғылып біткен 11 нысанның бар екенін анықтады. Әкімдіктің мәліметінше, олардың ішіндегі екі нысанның құрылысы тоқтаған, бесеуі соғылып жатса, тағы төртеуі тастанды. "Қазіргі уақытта осы нысандар бойынша мәліметтер жиналып жатыр", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінің өкілдері.  

Ал әл-Фараби даңғылының оңтүстігіндегі территорияда 37 нысан бар, олардың 14-інің құрылысы тоқтап қалған, салынып жатқандары - 19, аяқталғаны - төртеу. "Оның ішінде, 11 нысан бойынша рұқсат қағазы жоқ болып шықты, соттың шешімі бойынша сол үйлер сүріледі", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Ал "Шымбұлақ" курортының территориясында соғылып жатқан нысандар жоқ. Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға келген кезінде Шымбұлақ пен әл-Фараби даңғылының жоғарғы жағында соғылып жатқан нысандарға байланысты сын айтқан еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети