05 қазан 2018 09:17

Нейрожүйе қазақстандықтарға ауа райын біліп отыруға көмектеседі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Яндекс Қазақстанда жауын-шашын картасын енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Яндекс Қазақстанда жауын-шашын картасын енгізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл картада жақын арада қай жерде қар немесе жаңбыр жауатыны көрінеді. Соның арқасында қаланың орталығында жаңбыр жауатынын немесе жаумайтынын көріп, ескеруге болады.

Жауын-шашын болжамы он минуттық аралықпен екі сағат алға есептеледі: ауа райы он, жиырма, отыз минуттан кейін және одан да ары қай жақта қалай өзгеретінін көруге мүмкіндігі бар. Қызметтің басты бетінде ауа райы болжамын картаны ашпай-ақ көруге болатын ескертулер шығады: "Жарты сағаттың ішінде жаңбыр басталады", немесе "Алдағы екі сағатта қар аралас жаңбыр тоқтамайды".

Жауын-шашын картасы жаңбырдыңастында қалмауға көмектесіп қана қоймайды, оны бақылау да қызықты. Мәселен, қолайсыз ауа райы Алматыдан Астанаға дейін қашан жететінін немесе әлемнің қай жеріне жауын бұлты жиі баратынын белгілеуге болады.

Жауын-шашынды болжамдау үшін Яндекс жерсеріктен түсірілген суреттерді пайдаланады. Бұл суреттер әр бірнеше минут сайын жіберіледі. Үйретілген нейрондық желі ғарыштан жасалған атмосфераның суреттерін өңдеп, жауын-шашын аймақтарының ауысуын болжайды.

Дәл қазір Қазақстан тұрғындары жауын-шашын картасын Яндекстің iOS және Android операциялық жүйелеріндегі мобильді қосымшасынан көре алады. Сондай-ақ, yandex.kz/pogoda сайтына кіріп те бақылауға болады. Яндекс.Погода қосымшасында карта жақын арада іске қосылады.

Айта кетейік, Яндекс.Погода қызметі Метеум технологиясының негізінде жасалған. Ол ауа райын болжау станцияларының, жер серіктерінің, Яндекс.карталардың және басқа да көздердің деректерін пайдаланады. Бірінші Метеум деректерді болжаудың классикалық тәсілдері арқылы өңдейді. Кейін машиналық үйрену технологиясының көмегімен алынған нәтижені нақтылайды. Бұл жергілікті ауа райы болжамын нақты көше немесе тіпті үйге дейін жасауға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети