20 қыркүйек 2017 15:39

"Нұр Әлем" сферасы енді қалай жұмыс істейді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Астана ЭКСПО-2017" АҚ ұлттық компаниясының баспасөз қызметіндегілер "Нұр Әлем" проекциялары мен прожекторлары бұдан былай қалай пайдаланылатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Астана ЭКСПО-2017" АҚ ұлттық компаниясының баспасөз қызметіндегілер "Нұр Әлем" проекциялары мен прожекторлары бұдан былай қалай пайдаланылатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Проекциялық мата "Нұр Әлем" сферасынан 17 қыркүйекте шешілді. Ал сферадағы проекциялық шоу трансляцияға жоспарланып отырған жоқ. Сферадағы прожекторлар 2017 жылдың қарашасынан бастап түнгі уақыттарда жарықтандыру жұмысын жалғастырады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметіндегілер Tengrinews.kz редакциясының сауалхатына. 


© twitter.com/timagoofy

Сонымен қатар, "Нұр Әлем" сферасының маңындағы музыкалық фонтандар да өз жұмысын жалғастырады. Онда отты эффектілермен әуен қосылып тұрады, бірақ биыл оны көру мүмкін болмайды. 2017 жылдың 1 қазанынан 2018 жылдың 1 мамырына дейін олар қысқы уақытта жауып қойылады.

Еске салайық,  EXPO-2017 көрмесі Астанада 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өткен еді. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көрме өткізуге жаратылған қаражаттың бюджетке қайтарылып қойғанын мәлімдеген болатын.

Көрме территориясында "Астана" халықаралық қаржы орталығы жұмыс істейді. Орталық жетекшісі Қайрат Келімбетовтің айтуынша, EXPO территориясы криптодала болады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети