"Нұр Отан" мүшелерінің алты пайызы ғана - шенеуніктер

09 Сәуір 2014, 17:03
5
"Нұр Отан" мүшелерінің алты пайызы ғана - шенеуніктер - ©Tengrinews.kz
©Tengrinews.kz

"Нұр Отан" партиясы құрамындағы азаматтардың арасында қарапайым тұрғындар көп, ал шенеуніктер - 6% ғана. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек "Айқын" газетіне берген сұхбатында айтты.

"Әлемнің кез-келген елінде бар сыбайлас жемқорлық - қоғам үшін басты ауру, әлеуметтік қатер. Партия құрамындағы азаматтардың негізгі бөлігін, яғни 30%-ын ғылым мен мәдениет саласының, 20%-ын кәсіпкерлер, 15%-ын зейнеткерлер мен жастар сияқты әлеуметтік топтар өкілдері қамтыса, жемқорлық қаупі зор шенеуніктер небәрі 6%-ды құрайды", - деді ол.

Бауыржан Байбек сол 6%-дың ішінде бірен-сараны істі болса, сөздің бүкіл "Нұр Отан" партиясына келетінін жасырмады. "Бір құмалақтың бір қарын майды шірітіп жататындығын көзіміз көріп келеді", - деді партия төрағасының бірінші орынбасары.

Ол басылымға берген сұхбаты барысында ұйымдағы ішкі тазарту жұмыстары аясында соңғы алты айда 25 мың адамның партия қатарынан шығарылғанын да айтты.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай