07 ақпан 2015 11:42

"Нұр Отан" өзінің бастауыш ұйым жетекшілеріне көшбасшы болуды үйретті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото strana-sovetov.com сайтынан Фото strana-sovetov.com сайтынан

Астанада "Нұр Отан" партиясының Саяси менеджмент мектебі бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері үшін екі күндік тренинг ұйымдастырды. Онда көшбасшы болудың құпиялары үйретілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі партияның ресми сайтына сілтеме жасап. 


Астанада "Нұр Отан" партиясының Саяси менеджмент мектебі бастауыш партия ұйымдарының жетекшілері үшін екі күндік тренинг ұйымдастырды. Онда көшбасшы болудың құпиялары үйретілді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі партияның ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бастауыш ұйым жетекшілері шешендік шеберлік, келіссөз жүргізу, пікірталас, аудитория алдында сөйлеудің құпиялары туралы білді. Тренинге қатысушылардың бәрі де осындай іс-шаралар өте тиімді және қажет деген тоқтамға келіп, ол жүйелі негізде жүргізіліп тұрса деген тілектерін білдірді. "Тренингті ұйымдастырғаны үшін зор ризашылығымды білдіргім келеді. Екі күндік семинар тиімді болды, ал тренерлер өз ісінің нағыз мамандары. Осындай тренингтер тұрғындармен жұмыс істейтін біздерге өте қажет. Бұл пікір, тәжірибе алмасу, жаңа білім мен икемді игеру", - деп атап өтті Әйелдердің республикалық кеңесінің төрайымы Ханзада Балтаева.

"Балаларды оңалту республикалық орталығы" АҚ базасындағы бастауыш партия ұйымының жетекшісі Шолпан Бөлекбаева "баға жетпес" білім алғанын айтты. "Аудитория алдында қалай тиімді және табысты сөйлеу керек, әңгімені қалай дұрыс құру қажет екені айтылды, мұндай білімдер мектеп пен институттарда берілмейді. Мен ұйымдастырушыларға дән ризамын, өйткені бүгінгі заман – білімнің уақыты. Профессор бола жүріп мен көптеген тренингтер мен курстардан өттім, солардың ішіндегі мен үшін ең қызықтысы және пайдалысы осы болды. Өңірлердегі әріптестерім үшін де ол өте қажет деп ойлаймын", - деді Шолпан Бөлекбаева. 

"Нұр Отан" партиясының баспасөз қызметі партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің бастауыш партия ұйымдарымен кездескенін де хабарлайды. Кездесуде Байбек бастауыш партия ұйымдары – партияның тірегі, ал олардың жетекшілері соңынан халықты ерте алатын, белгілі де, табысты адамдар екенін атап өтті.

"Біздің бүгінгі күнгі басты міндетіміз - бастауыш партия ұйымдарының жетекшілеріне ерекше назар аудару. Біз БПҰ жетекшілеріне партиялық бағыт бойынша ғана емес, сондай-ақ, олардың талқылай, сөйлей, жетілдіре алатын қызықты адам, лидерлер болуына пайдасын тигізетін дәрістер мен семинарлар ұсына алуымыз қажет", - деді Бауыржан Байбек.

Айта кетейік, "Нұр Отан" партиясының бастауыш партия ұйымдарының қатары - 5600, сәйкесінше сонша ұйым жетекшісі бар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети