Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

"Нұр Отан" партиясына 16 жыл толды

01 Наурыз 2015, 11:39
0
Партияның Астанадағы бас кеңсесінің ғимараты. Фото: Тұрар Қазанғапов
Партияның Астанадағы бас кеңсесінің ғимараты. Фото: Тұрар Қазанғапов

"Нұр Отан" партиясына 16 жыл толды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Құрметті партияластар! Бүгін біздің партия ерекше мәні бар датаны атап өтіп отыр. Бізге - 16 жыл! Біз өз туған күнімізге 850 мың қазақстандықты біріктірген елдің басты саяси партиясы ретінде жетіп отырмыз. Осы жылдар ішінде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен біз сізбен бірге Қазақстанның сенімді түрде алға жылжуы үшін, Тәуелсіздігіміз нығая түсуі үшін, қоғамда бейбітшілік пен келісім сақталуы үшін, қазақстандықтардың әл-ауқаты артуы үшін жұмыс істеп жатырмыз", - делінген партияның ресми сайтында. 

Партия өкілдері өз алдына қойылған міндеттерді ең алдымен саяси ұйымның қарапайым мүшелерінің көмегімен табысты орындап жатқанын атап өтті. "Олар - абыройлы, адал адамдар, өз істерінің кәсіпқойлары, Қазақстанның патриоттары. Біз тынымсыз еңбектеріңіз үшін, Қазақстан халқына деген қызметтеріңіз үшін Сіздерге зор алғыс білдіреміз! Қымбатты "нұротандықтар! Көктемнің алғашқы күні шын жүректен құттықтаулар мен ізгі тілектерді қабыл алыңыздар," - делінген партия жетекшілерінің құттықтауында.

Еске салайық, бұған дейін 11 наурызда "Нұр Отан" партиясының кезекті 16-съезі өтетіні хабарланған еді. Нұр Отан" партиясының жетекшісі Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 11 наурызы күні партияның кезекті 16-съезін шақыру туралы қаулыға қол қойды. "Бізде азғана уақыт қалды, бірақ біз мұндай шараларға бұрын да дайындалғанбыз, дайындалып жүрміз. Партияның міндеті - сайлау науқанына қатысу. Бізге бір апта ішінде тиісті жұмыстарды ұйымдастыру қажет", - деді партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Астанада партияның отырысында. Оның айтуынша, съезге еліміздің әр аймағынан 1200 делегат келеді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай