03 сәуір 2019 16:06

Нұр-Сұлтан әкімі: "Қала батпаққа батқан"

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов көшелердің тазалығы, қоқыс шығару және жолдардың жағдайы үшін жауаптылардың жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов көшелердің тазалығы, қоқыс шығару және жолдардың жағдайы үшін жауаптылардың жұмысын сынға алды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін Бақыт Сұлтановтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті отырысы өтіп, онда қала тіршілігінің өзекті мәселелері қаралды.

"Қала көшелеріндегі қоқыс мәселесіне ерекше назар аударамыз. Бүгін қала батпаққа батқан! Маған мәлім деректер бойынша, қазіргі таңда аудан әкімдіктері санитарлық тазалау бойынша мердігерлік ұйымдардың барлығымен келісімшарт жасаспаған. Аудан әкімдері, сіздер 1 наурызда барлық шараларды аяқтап, көшелерді тазалауды бастауларыңыз керек еді! Бұл жағдайда не істеуге болады? Не деген салғырттық бұл?! Жұмыстарыңызды қалай жоспарлайсыздар?!", - деген Сұлтанов мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеделдетуді, сондай-ақ қаланы санитарлық тазалау жұмыстарын бастауды тапсырды.

Бұдан бөлек, Бақыт Сұлтанов қоқыс шығару жұмыстарына "сәтсіз" деген баға берді.

"Мен қоршаған ортаны қорғау басқармасына қоқыс алаңдары мен контейнерлердің жағдайын ерекше бақылауға алуды, оларды тиісті жағдайға келтіруді және қоқысты уақытында шығаруды қамтамасыз етуді тапсырған болатынмын. Жұмыс сәтсіз аяқталды, тапсырма орындалмады! Бұрынғыдай қоқыс уақытында шығарылмайды, құрылыс қоқыстары жиналады, алаңдар тазартылмайды, олардың жағдайы полигоннан да сорақы!", - деді қала әкімі қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Мұса Танабаевқа.

Қала әкімінің айтуынша, көптеген қоқыс контейнерлері бүлінген. Осыған байланысты Сұлтанов өз орынбасары Арман Тұрлыбекке қоқыс шығаратын компанияларға нұсқаулық өткізуді, жауапкершілік шараларын күшейтуді және барлық қоқыс алаңдарында бейнебақылау камераларын орнату мәселесін пысықтауды тапсырды.

Сонымен қатар, қала көшелерін су басу жағдайы қала әкімдігінің алаңдаушылығын туғызды. Жыл басынан осы мәселе бойынша 2 984 өтініш келіп түсіпті.

"Қала тұрғындарының алдында есеп беру кездесуінде мен елорданың бұдан былай су астында қалмайтындығына уәде берген едім. Қар еріп, жаңбыр жауды, міне, қаланың жартысы суға батты! Жол құрылысы қалай жобаланады? Неге суды табиғи бұру жүйесі қарастырылмаған? Сіз дұрыс не дұрыс жобаламайсыз, не мәселеге немқұрайлы қарайсыз", - деді Сұлтанов көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы Асхат Қарағойшинге қарата.

Ол, сондай-ақ, автомобильдік жолдардың, әсіресе қар ерігеннен кейінгі жай-күйі сапасының сын көтермейтіндігін алға тартты.

Жиналыс қорытындысы бойынша қала әкімі автокөлік жолдары құрылысының барысы мен сапасын және оларды пайдалануға беруді бақылауды күшейтуді тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети