07 қаңтар 2020 16:27

Нұр-Сұлтан және үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан және үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан және үш облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

8 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және Ақмола облысында кей жерлерде тұман сақталады. Көкшетау қласында тұман сақталады. 8 қаңтарда  Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. 8 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ сақталады.

Еліміздің басқа өңірлеріне келетін болсақ, Қазгидромет мәліметінше, Қазақстан аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, оңтүстікте және батыста кей жерлерде жауын шашын, республиканың қалған аумағында кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, тек республиканың оңтүстік-батысында жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында басым бөлігінде тұман түсіп, республиканың қалған аумақтарының кей жерлерінде тұман түседі. Алматы, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді.

"ҚазАвтоЖол" ҰК мәліметінше, 5 қаңтардан бастап Алматы облысының аумағындағы "Үшарал-Достық" 83-184 шақырымы Көктума-Достық жолының учаскесі жабық.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети