28 тамыз 2019 16:59

Нұр-Сұлтанда 370-тен аса жүргізуші белгіленбеген жерде қоқыс төккен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-сұлтан қалалық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері үнемі белгіленбеген орындарда қоқыс таситын және оны лақтыруды жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша жұмыстар жүргізеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елордалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Мысалы, Нұр-сұлтан ПД ЖПҚБ табиғатты қорғау бөлімінің полиция инспекторлары "Камаз" маркалы автокөлігінің жүргізушісі С.есімді азаматты ұстады. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 505-бабының 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, 30 АЕК (75 750 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.
"Шансиман" автокөлігінің жүргізушісі Т., есімді азамат белгіленбеген жерде қоқыс қалдықтарын түсірген, жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК 505 бабы 1 бөлімі бойынша хаттама толтырылып, 20 АЕК (50 500 теңге) көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды", - делінген хабарламада.

Белгіленбеген орындарда тек қоқыс тастаған 75 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Биыл жыл басынан бері белгіленбеген орында қоқыс қалдықтарын, қарларды шығарып, лас сұйықтықты төккен 370-тен аса жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети