18 желтоқсан 2019 14:59

Нұр-Сұлтанда 600-ден аса қараусыз қалған желі бар - әкім

ПОДЕЛИТЬСЯ

© astana.gov.kz © astana.gov.kz

Елордада 680-ге жуық иесіз жатқан, қараусыз қалған объект пен желі анықталды. 126 шақырым - электр, 7,5 шақырым - сумен жабдықтау, 14 кшақырым - кәріз желілері. Сондай-ақ, 200-ге жуық трансформатор мен 76 трансформаторлық қосалқы станция балансқа алынбаған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"10 қарашада орын алған жарықтың сөнуі электр желілеріндегі проблемаларды анықтады. Мердігер кабель каналын төсеу кезінде (Сығанақ және Ақмешіт көшелерінің қиылысында) жұмысқа немқұрайлы қарап, жұмысын сапасыз атқарған. Комиссия мәліметтеріне сәйкес, туындаған өрт полиэтилен құбырларының дұрыс орналаспауынан күшейген. Нәтижесінде бір арнада жатқан негізгі және резервтік қуат кабельдері зардап шекті. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Кабельдерді салу жұмыстары екі жыл бұрын жүргізілді, желілер балансқа алынбаған. Қазір біз иесіз, қараусыз қалған желілер мен нысандарды балансқа қабылдау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізудеміз", - деді Алтай Көлгінов.

Бұдан басқа, сумен жабдықтау және кәріз желілері бойынша механикалық әсерлерге төтеп бере алмайтын шыны пластик және гофрленген құбырларды пайдалану проблемасы анықталды. 34 учаскеде осындай құбырлар орнатылған (90 шақырым). Ашық люктер мен құдықтар да иесіз қалған мүлік қатарына жатады. Елордада барлығы 102 мың люк бар. Тұрғындардың ашық құдықтарға құлауын болдырмау үшін люктердің төрттен бір бөлігі (24,8 мың) арнайы торлармен жабдықталған. Бұдан басқа, пилоттық режимде люктерге автоматтандырылған мониторинг жүйесінің датчиктері орнатылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети