18 қазан 2019 | 14:47

Нұр-Сұлтанда биыл қызылшадан 13 бала қайтыс болған

Камила Долаева Журналист
© obyektiv.press

Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабұлов қызылшамен ауырған 13 баланың өліміне қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің басшысы Сәдуақас Байғабұлов қызылшамен ауырған 13 баланың өліміне қатысты пікір айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ата-аналардың дені сау балаларына қызылшаға қарсы екпе салдыруға қарсы болуы - елорда тұрғындары арасында қажетті иммундық қабаттың төмендеуіне алып келеді. Соның салдарынан қызылша вирусы халық арасында белсенді түрде тарайды, ал екпе салуға жасы жетпеген немесе денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсеткіштері бар балалар инфекциядан қорғалмағандар болып саналады. Нұр-Сұлтанда биыл қызылша вирусын жұқтырған және ауруын асқынуларып алған 13 вирустан қорғалмаған бала қайтыс болды", - деп мәлімдеді Байғабұлов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, қызылшаның алдын алу және ауруды асқындырып алмау үшін екпе салынатын балалардың кем дегенде 95 пайызын вакцинамен қамту керек. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная