11 қараша 2019 17:32

Нұр-Сұлтанда электр энергиясының өшу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/altay_kulginov_official © instagram.com/altay_kulginov_official

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Нұр-Сұлтандағы электр жарығын өшіру дерегі бойынша басталған қылмыстық іс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Нұр-Сұлтандағы электр жарығын өшіру дерегі бойынша басталған қылмыстық іс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"9 қарашадан 10 қарашаға қараған түні "Сол жағалау" шағын станциясында апат болып, бес мемлекеттік нысан мен тұрғын үй кешендері электр энергиясын беруден ажыратылды. ТЖК, әкімдік және апатты жағдайда әрекет ету қызметтерінің жедел шаралары кезінде ақаулар жойылды.

Апаттан кейін өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 292-бабы ("Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу Астана полициясы департаментінің жедел-тергеу тобына тапсырылды, тергеу барысын ішкі істер министрі бақылауға алды", - деді департамент басшысы. 

Санжар Әділов тергеудің енді басталғанын айтты, мамандар мен тергеушілер апат орнын тексеріп, оның себептерін анықтауға кіріскен. 

"Сотқа дейінгі тергеу мерзімі екі ай, біз барлық тергеу әрекеттерін жүргізіп, кінәлі тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мәселесін шешуіміз керек", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети