1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұр-Сұлтанда және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

16 желтоқсанда синоптиктер Түркістан, Ақмола, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі деп болжайды. 

Метеоқызметтің мәліметіне, елордада 16 желтоқсанда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысында жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қазгидрометтің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республиканың батысында кей жерлерде жаңбыр мен қар, солтүстік-шығыс пен шығыста қар жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, оңтүстік және оңтүстік-шығыста көктайғақ болады, жел күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жамбыл облысында күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.