04 ақпан 2020 17:49

Нұр-Сұлтанда және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтан және бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 5 ақпанда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр.

5 ақпанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады кей жерлерде күші секундына 15-20 метр. Көкшетау қаласында жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні секундына 15-20 метр.

5 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде түнде тұман, күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші секундына 15-20 метр күтіледі. Түркістан қаласында 5 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр желдің күшеюі күтіледі.

Шымкент қаласында 5 ақпанда күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр желдің күшеюі күтіледі.

5 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде секундына 15-20 метр сақталады.

5 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күтіледі. Қостанай қаласында 5 ақпанда оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 15-20 метр күтіледі.

5 ақпанда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, түнде жаяу бұрқасын сақталады. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің күші кей жерлерінде секундына 15-20 метр сақталады. Ақтөбе қаласында 5 ақпанда түнде оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні секундына 16 метр сақталады.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети