ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2019 | 08:53
Нұр-Сұлтанда жарықтың сөнуі: Апат салдары толықтай жойылды
Қала тұрғындары жарықсыз қалған Нұр-Сұлтандағы апат салдары толықтай жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қала тұрғындары жарықсыз қалған Нұр-Сұлтандағы апат салдары толықтай жойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта жол апаты салдары толықтай жойылды: нысандарға жарық берілді, соңғы нысан - "Москва" бизнес орталығына да жарық берілді. Осылайша барлық ғимаратқа жарық берілді", - делінген хабарламада.
Әкімдіктегілер апат салдарын жою жұмыстарына 16 адамның жұмылып, олардың 1,5 тәулік бойы жұмыс істегенін айтып, алдағы уақытта оларға сыйлықақы берілетінін айтып өтті.
© elorda.info
Еске салайық, 10 қарашада елорданың сол жағалауындағы шағын станцияда кабель өртенген болатын. "Түнгі сағат 02.04-те cтанциядан қосылған нысандардың электрмен жабдықтау линиялары апат салдарынан ағытыла бастады. Осы кабель желілеріне қосылған тұтынушылар өрт сөндіру бригадаларының электр тоғы соғуын болдырмас үшін электрмен қамтудан ажыратылды", - делінген еді қалалық әкімдіктегілер.
Кейінірек Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласында электр қуатын сөндірілуіне кінәлі шенеуніктерді анықтауды тапсырды.
Показать комментарии
Читайте также