17 сәуір 2019 13:27

Нұр-Сұлтандағы балабақшаларға топтау кезеңі жайлы ақпарат жалған болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elorda.info Фото: elorda.info

WhatsApp чаттарында 20 сәуірде балаларды балабақшаларға топтау кезеңі басталады деп таралып жатқан ақпарат жалған болып шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Елорда Инфоға сілтеме жасап. 


WhatsApp чаттарында 20 сәуірде балаларды балабақшаларға топтау кезеңі басталады деп таралып жатқан ақпарат жалған болып шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Елорда Инфоға сілтеме жасап. 

Нұр-Сұлтанның білім басқармасы мектепке дейінгі ұйымдарға топтау кезегі мамыр айының ортасында басталатынын мәлім етті. 

"Соңғы күндері чаттарда ағымдағы жылдың 20 сәуірінен бастап балаларды балабақшаларға топтау кезегі басталады деген ақпарат таралып жүр. Білім басқармасы тарапынан бұл ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлаймыз. Жоспар бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға топтауды 2019 мамыр айының ортасында көздеп отырмыз, ол туралы ақпарат алдын ала міндетті түрде ата-аналарға БАҚ және Нұр-Сұлтан қаласының ресми ресурстарында жарияланатын болады. Ресми интернет ресурс - bilim.astana.kz, әлеуметтік парақшаларда – bilimastana", - делінген Білім басқарманың хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети