10 шілде 2019 09:55

Нұр-Сұлтандағы зәулім тұрғын үйдің неден өртенгені анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Нұр-Сұлтандағы зәулім тұрғын үйдің неден өртенгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Нұр-Сұлтандағы зәулім тұрғын үйдің неден өртенгені белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ІІМ ТЖК-нің ақпараты бойынша, өрттің себебі - жұмыстар атқару кезінде өрт қауіпсіздігі ережесінің бұзылуы ("BI Servis" ЖШС қызметкерлері шатырда жөндеу жұмыстарын істеген). 

Кеше Нұр-Сұлтанда зәулім "Ұлыбритания кварталы" тұрғын үй кешені өртенгені хабарланған еді. Сағат 19:46-да бірінші өрт сөндірушілер келген уақытта үйдің шатыры өртеніп жатқан, жалын шарпыған аумақ шамамен 100 шаршы метр болған. 


© Tengrinews.kz

Өрт түнгі 23:02-де сөндірілген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Тұрғын үйдің шатыры мен төрт пәтері өртеніп, аумағы 600 шаршы метр болған. 


© Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети