08 қараша 2017 18:34

Нұржан Әлтаев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.


ҚР Үкіметінің Қаулысымен Әлтаев Нұржан Бауыржанұлы Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкімет сайтына сілтеме жасап.

Нұржан Әлтаев 1978 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2004 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, 2012 жылы - Академиялық инновациялық университетті тәмамдаған. Мамандығы - заңгер, экономист.

Еңбек жолын 2002 жылы бастады. 2005-2012 жылдары мемлекеттік органдарда әр түрлі қызметтер атқарған, ұлттық компанияларда жұмыс істеген. 2012-2014 жылдары "Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын", Оңтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды.

2014 жылдың наурызынан бастап осы уақытқа дейін "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының орынбасары болып істеген. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети