22 тамыз 2018 15:28

Нұржан Әшімбетов Екібастұз әкімі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akimat-pvl.gov.kz © akimat-pvl.gov.kz

Президент Әкімшілігінің келісімімен Нұржан Әшімбетов Екібастұз әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін екі жыл уақыт Павлодар әкімі қызметінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Әкімшілігінің келісімімен Нұржан Әшімбетов Екібастұз әкімі болып тағайындалды. Ол осыған дейін екі жыл уақыт Павлодар әкімі қызметінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа басшысыны Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды.

Нұржан Кемерұлы Әшімбетов 1969 жылы 26 маусымда Павлодар облысы Аққулы ауданы Черное ауылында дүниеге келген. 1993 жылы Алматы мал дәрігерлік институтын зоотехник мамандығы бойынша аяқтаған. 2002 жылы Алматы экономика және статистика институтын "Бухесеп және аудит" мамандығы бойынша бітірген.

2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Мемлекеттік инспектор болып тағайындалды. 2009-2012 жылдары Петропавл әкімі болып қызмет етті. 2016 жылдың сәуір айынан бастап Павлодар әкімі қызметінде болды.

Сондай-ақ, Нұржан Әшімбетов "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" (2001), "Қазақстан Конституциясына 10 жыл" (2005) медальдарымен; ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен (1999) марапатталған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети