14 шілде 2015 15:26

Нұржан Өркешбаев үйлену тойына Андрей Малаховты шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Ерте қартаю ауруымен ауыратын Нұржан Өркешбаев үйлену тойына Андрей Малаховты шақырды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы. 


Ерте қартаю ауруымен ауыратын Нұржан Өркешбаев үйлену тойына Андрей Малаховты шақырды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы. 

Басылымға берген сұхбатында Нұржан үйлену тойының 7 тамызда болатынын нақтылады. "Ерлан Күмісқалиев Бірінші арнаның жүргізушісінің келуі бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Айта кетейік, Андрей Малахов "Пусть говорят" бағдарламасына Нұржанды төрт жыл бұрын шақырған еді, сол кезде ол үйлену тойына міндетті түрде келетінін айтқан болатын. 

Сонымен қатар, Нұржан тойдың қазақтың дәстүрімен өтетінін және 400 адамға арналатынын айтып берді.

"Қазір мен ауылдамын, тойды ұйымдастыру жұмыстары көп. Алыстан Малаховты айтпағанда, Алматыда мені емдеген дәрігерлер келеді", - дейді Нұржан. - Ата-анамның жағдайы жақсы. Үйленгеннен кейін осында, ауылда тұрамыз. Мен енді үйдің үлкенімін ғой, болашақ жарым ата-анамның тұңғыш келіні болады, ал ініме үйленуге әлі ерте. Қыздың есімі Әсемгүл, ол Құлсарыдан, оқуды бітірді, алайда жұмыс тапқан жоқ. Өзім болсам музыкантпын, тобыммен бірге ән орындаймын. Қазіргі уақытта орталық республикалық арналардан шақырып, алдағы тойым жайлы айтып беруін сұрап жатыр. Барлығына 27 шілдеде Атырауда баспасөз мәслихатын беретінімді айтып жатырмын. 

Ал осының алдында Нұржан Өркешбаевтың үйленетіні туралы ақпарат шыққан еді. Өркешбаевтың айтуынша, жақын арада ол үйлену тойына байланысты Атырауда тілшілерді жинап, баспасөз отырысын өткізеді. Сонымен қатар, Facebook әлеуметтік желіде үйлену тойына шақыру билетінің суреті жарияланды. Нұржан Өркешбаевтың қалыңдығының есімі - Әсемгүл. Неке қию рәсімі 2015 жылдың тамызында болады.

Еске сала кетейік, 2011 жылдың соңында Нұржан бірнеше пластикалық ота жасатты. Осының нәтижесінде ол ондаған жылға жасарды. Ерте қартаю ауруына шалдыққан Нұржан Өркешбаевқа ота жасаған 30 жастағы хирург Болат Байыровтың айтуынша, Нұржан Қазақстандағы прогерияға шалдыққан жалғыз адам. Кейін Өркешбаев Атыраудағы "Нұрсая" ықшамауданынан бір бөлмелі пәтер алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети