Нұрлан Қаппаровтың неден қайтыс болғаны белгілі болды

26 Наурыз 2015, 17:35
1
Нұрлан Қаппаровтың неден қайтыс болғаны белгілі болды - Нұрлан Қаппаров. ©primeminister.kz
Нұрлан Қаппаров. ©primeminister.kz

Нұрлан Қаппаровтың неден қайтыс болғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Өлім себебі - жүрегінің тоқтап қалуы. Нұрлан Қаппаровтың туыстарына қайғырып, көңіл айтамыз", - деп хабарлады Қазақстан СІМ өкілдері. Қазақстанның Қытайдағы елшілігі марқұмның денесін отанға жеткізу бойынша қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр. 26 наурызда Қытайда Пекин уақыты бойынша 14.30-да "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Қаппаров дүниеден өтті.   

Нұрлан Қаппаров 1970 жылы 30 наурызда Алматыда дүниеге келген. Ол әр жылдары ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, энергетика және минералды ресурстар вице-министрі, ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі қызметтерін атқарған. 2014 жылдың 7 тамызынан бері "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясын басқарып келді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай