1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Нұрлан Ноғаев: Мен үшін Президенттің тапсырмасы - заң 05 қаңтар 2016, 12:10

Нұрлан Ноғаев Назарбаевтың реформаларды жүзеге асыру туралы айтқан мәлімдемесіне қатысты комментарий берді.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

© uralsk.gov.kz © uralsk.gov.kz

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқан реформаны жүзеге асыруды қалай түсінгені туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы 2016 жылы 2 қаңтарда Ақордада Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөнінде кеңес өткізіп, оның жұмыс нәтижесіне басшылардың жауапты екенін мәлімдеді. "Реформаларды көзбояушылыққа айналдыруға жол беруге болмайды. Өзгерістерді жүзеге асыруға кедергі болатындар лауазымынан босатылады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

"Мен үшін Президенттің тапсырмасы - заң. Мен оны орындаймын. Мен үшін ғана емес. Барлық қазақстандық үшін. Себебі барлық реформа бастамашыл және жүзеге асып жатқан бағдарламалардың барлығы халықтың әл-ауқатын жақсартуға, әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жерде көзбояушылықпен айналысуға болмайды. Нақты, сенімді, құқықтық нормативтік база бар. Нақты мақсаттар бар. Жалпыұлттық жоспар бар. Біз соған сәйкес алға жылжи береміз", - деп жауап берді Астанада өткен брифинг барысында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.



Join Telegram