01 тамыз 2016 16:03

Нұрлан Ноғаев облыста қанша жұмыс орнының ашылғанын білмеген басшыларды сөкті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі © Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін, 1 тамыз күні өткен Атырау облысы әкімдігі мәжілісінің отырысында кәсіпкерлікті және ауылшаруашылық басқармасы мемлекеттік қолдау арқылы құрылған шаруашылықтарда қанша жұмыс орны ашылды деген сұраққа жауап бере алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Бүгін, 1 тамыз күні өткен Атырау облысы әкімдігі мәжілісінің отырысында кәсіпкерлікті және ауылшаруашылық басқармасы мемлекеттік қолдау арқылы құрылған шаруашылықтарда қанша жұмыс орны ашылды деген сұраққа жауап бере алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Сауалына жауап ала алмаған аймақ басшысы басқармалар арасында байланыстың жоқтығын айтып, қарамағындағыларды сөкті.

"Ашылған жұмыс орны туралы ақпаратты бәріңіз біліп отыруыңыз керек. Жауапкершіліктен қашып, жұмыстарыңыздың аясын шектеп отырсыздар. Әрбір басқарма бөлек әлемде өмір сүріп жатқандай. Бюджеттен бөлінген ақшаның басты мақсаты - жұмыс орындарын ашу. Кәсіпкерлік басқармасы ақшаның қалай жұмсалып жатқанын білмесе, жұмыс орнымен қамту басқармасы қанша жұмыс орнының ашылып жатқанын білмесе, ауыл шаруашылық басқармасы өз алдына хабарсыз болса, не үшін жұмыс істеп жатырмыз? Біздің мақсатымыз ақша бөлу емес, жұмыс орнын ашу, экономиканы дамыту. Бөлінген ақшаның қалай пайдаланылып жатқанын қадағалау керек. Басқармалар арасында байланыс болсын", - деді Нұрлан Ноғаев.

Аймақ басшысы, айтылғандарды ескере отырып, ашылған жобалардың жұмысын жіті бақылап отыруды тапсырды. Сонымен қатар, басқармалар арасында тығыз байланыстың болуын қадап ескертті.

Айта кетелік, соңғы 4 жылда Атырау облысында Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы жергілікті бюджеттен 807 миллион теңге бөлінді. Бұл қаржы шаруаларға жылдық мөлшерлемесі 7 пайыз болатын қайтарымды несие түрінде берілді. Нәтижесінде қазір 163 жоба мақұлданып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети