02 шілде 2018 11:43

Нұрлан Ноғаев шенеунік қандай болуы керек екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтағы мемлекеттік әкімшілік қызметіне жаңадан келген біліктілігін арттыру мақсатында даярлық курстардан өтіп жатырған мемлекеттік қызметкерлерге "Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы" тақырыбында дәріс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев аймақтағы мемлекеттік әкімшілік қызметіне жаңадан келген біліктілігін арттыру мақсатында даярлық курстардан өтіп жатырған мемлекеттік қызметкерлерге "Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы" тақырыбында дәріс өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Шарада аймақ басшысы жас мемлекеттік қызметкерлерге облыстағы жетістіктер мен 2017-18 жылдардағы көп өнімнің өндірілгені туралы айтты. Сонымен қатар, дәріс барысында Нұрлан Ноғаев өзінің жұмыс барысында жинаған тәжірибесімен бөлісті. Аймақ басшысы жиынға қатысып отырған қызметкерлерге, мемлекеттік қызметтің ауыр жұмыс болса да, жауапты қызмет екенін жетік түсіндірді.

"Елбасымыз айтқандай, мемлекеттік қызметкер болу бұл халық пен басшылықтың тарапынан бізге білдірген үлкен сенім. Әр азаматтың құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруды ұйымдастыру әрбір мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметкерлердің тікелей міндетті. Мемлекеттік қызметші жоғары жауапкершілік пен кәсіби білімді, адалдықлық пен өмірлік ұстанымда белсенді, адамгершілік сияқты қасиеттерге ие болуы керек. Ол өз елінің патриоты болу қажет. Өз білімін үнемі жетілдіріп отырып, үнемі ізденісте болуы керек. Мемлекет басшысының жариялаған бұл қағидалары мемлекеттік органдарда жұмыс істеуге бел байлауға шешім қабылдағандар үшін анық нұсқаулық болуы керек", - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалы басшысы Сәуле Кубашеваның айтуынша, облыста Мемлекеттік қызмет туралы Заңды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, дәріске Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалында қайта даярлау курсында оқып жатырған жас мемлекттік қызметкерлері қатысты. Олардың ішінде 27-жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері, 15-республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бөлімдердің қызметкерлері қатынасты.

Айта кетейік, ҚР үкіметінің 2018 жылғы 15 мамырдағы №125 қаулысына сәйкес, мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш келген мемлекттік қызметшілер қайта даярлықтан өту міндетті екенін айтқан болатын. Бүгінгі күні өңірімізде 42 жаңа мемлекеттік қызметкерлер біліктілігін арттыру мақсатында оқуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети