04 мамыр 2015 15:27

Нұрлан Нығматулин ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып қайта тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews © Tengrinews

Нұрлан Нығматулин ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Нұрлан Нығматулин ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы болып қайта тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығы Ақорда сайтында жарияланды. "Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын", - делінген құжат мәтінінде.

Еске сала кетейік, 29 сәуірде Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Мемлекет басшысы министрлер кеңсесі "Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы" қаулыға қол қойды.

Осыдан кейін Алматы мен Астана қалаларының әкімдері қызметінен босатылды. Сонымен қатар, Президентке тікелей бағыныстағы және оған есеп беретін мемлекеттік органдар басшылары қызметінен босатылды. 

Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовті ҚР премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы ұсыныс жасап, оны Парламент Мәжілісінің депутаттары бірауыздан мақұлдағаннан кейін Мәсімов қайта премьер-минстр болып тағайындалды. Сонымен қатар, қалған министрлер де өз қызметіне қалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети